A- A A+
«Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Қорғалжын аудандық мемлекеттiк архивiнiң 2021 жылға жұмыс жоспары Кiрiспе

Бекiтемiн
«Қорғалжын ауданының
мемлекеттiк архивi» КММ
директоры
___________Н. Сарбалин
06.11.2020

Қорғалжын аудандық мемлекеттiк архивiнiң
2021 жылға жұмыс жоспары
Кiрiспе

Қорғалжын аудандық мемлекеттiк архивiнiң 2020 жылдағы қызметi «Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңын, ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн орындау бағытында болады.

Архив қызметiн жетiлдiруге және дамытуға, Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге, сақтауға алынған құжаттарға ғылыми-анықтамалық апаратты кұру және жетiлдiру, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрiнiң 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен көрсетiлген мемлекеттiк және мелекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрiнiң 2020 жылғы 06 қазандағы № 271 бұйрығымен бекiтiлген сақтау мерзiмдерiн көрсете отырып, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар қызметiнде жасалатын үлгiлiк құжаттар тiзбесiне сәйкес, құжаттармен жұмыс жасауға ерекше назар аударылады.

1.Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау және мемлекеттiк есепке алуын қамтамасыз ету

Архивте сақталған құжаттарды пайдалану және сақталуын қамтамасыз ету

саласында,Ұлттық архив қоры құжаттарының құндылығын сараптау, қауiпсiздiк шаралары, өрт қауiпсiздiгi, тиiстi санитарлық-гигиеналық және архив қоймаларында температуралық-ылғалдылық режимiн сақтау, үнемi құрал-жабдықтар көрсеткiшiн бақылау бағытында жұмыстар атқарылады.

Архивтi техникалық жабдықтандыру және материалды–техникалық базасын нығайту бойынша жұмыс жалғастырылады.

Архивтiк құжаттардың табиғи жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар атқарылады: қағаз негiзiндегi 226 сақт.бiрл. құжаттары, оның iшiнде 190 парақ қалпына келтiрiледi, қорлар тiзiмi қосымшада 4 қордың есептiк құжаттар жинағын салыстыру, 14 сақтау бiрлiгiнiң өшiп бара жатқан 14 парағының мәтiнiн қалпына келтiру.

1000 iстi картондау көзделiп отыр, сонымен қатар ескiрiп , жыртылған қораптарда 1000 iстi қайтадан картондау жоспарланып отыр. Жеке құрам және басқарушылық құжаттамалары бойынша 6596 сақтау бiрлiктерiнiң бар-жоғы және жағдайына тексерiс жүргiзiледi. Қорлар тiзiмi қосымшада (№1қосымша).

17 желтоқсан 2017 жылы ҚР Үкiметiмен бекiтiлген № 827 «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Бiрыңғай электрондық құжаттар архивi" ақпараттық жүйесiн енгiзу бағдарламасына № 1 (бiр) қор «Қорғалжын аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ- нiң 1 1 тiзiлiмi, 4 сақтау бiрлiгi, 800 парағы енгiзiледi, сонымен қатар 10 сақтау бiрлiгi бойынша 500 парақта құжаттарды цифрлау (сканерлеу) жоспарланып отыр.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының қалыптастырылуы. Ведомстволық архивтерге және мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындардағы iс жүргiзудегi құжаттарды ұйымдастыруға ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылық.

Осы салада Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын сапалы қалыптастыруға, мемлекеттiк сақтауға алынатын құжаттардың сапалы iрiктелiнуiне ерекше назар аударылады.

Жыл бойы мекемелерден, ұйымдар мен кәсiпорындардан мемлекеттiк сақтауға басқару құжаттары бойынша 500 сақтау бiрлiгi және жеке құрам бойынша 300 сақтау бiрлiгi қабылданады. Сонымен қатар мекемелер мен кәсiпорындарда, ауылдық округтерде ведомстволық сақтауда жатқан , мемлекеттiк сақтауға өткiзу мерзiмдерi өтiп кеткен құжаттарды мемлекеттiк сақтауға өткiздiру жұмыстарын жандандыру қолға алынып отыр.

Ведомстволық архивтерде ведомстволық сақтауда тұрған басқару құжаттарының 500 сақтау бiрлiгiне, жеке тектiк құжаттардың 30 сақтау бiрлiгiне және фотоқұжаттар жинағының 30 сақтау бiрлiгiнiң құндылығына сараптама жүргiзiледi.

"Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-1 Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2018 жылғы 26 қыркүйектегi № 275 бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк архивтердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу жөнiндегi ақылы қызмет түрлерiн көрсету қағидаларына сәйкес, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақша өз иелiгiнде қалатын мемлекеттiк архивтердiң оларды өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсетуi және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларына сәйкес ведомстволық архивтерде сақтауда жатқан 500 сақтау бiрлiгi басқару құжаттарын және 300 сақтау бiрлiгi жеке құрам құжаттарын ақылы негiзде 600 мың теңге соммасына ғылыми-техникалық өңдеуден өткiзу жоспарланып отыр. Ақылы қызмет көрсететiн мекемелер тiзiмi қосымшада (№ 2 қосымша)

Архивтiк басқару құжаттарынан 4 сақтау бiрлiгiне каталогизация жүргiзу және 6 тақырыптық карточка толтырылып каталогке құю жоспарланып отыр.

3. Құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппарат құру.

Жеке құрам бойынша құжаттардың орналасқан жерi бойынш 1 каталог (анықтама) жасалады.

Архив құжаттары бойынша «Құжаттар сөйлейдi», «Заңды бiлу-заман талабы» және Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алғанына 30 жыл толу мерекесiне орай «Тәуелсiз Қазақстан» атты 3 көрме әзiрлеу жоспарланып отыр.

2021 жылдың желтоқсан айында «Егемендiктiң еңсесiн көтерген Елбасы» тақырыбында дөңгелек стол өткiзу жоспарға енгiзiлдi.

2021 жылдың сәуiр айында Қорғалжын мектеп-гимназиясының оқушылармен «Iс жүргiзу және архив iсiнiң негiзi жайлы» экскурсия өткiзiледi және қазан айында қарттар күнiне орай еңбек ардагерлерiмен «Архив қоймалары мен архив көрмелерi» бойынша экскурсия өткiзу жоспарланып отыр.

«Электрондық құжаттардың бiрыңғай архивi», «Номенклатуралық iстердi жасау және электрондық базаға енгiзу» бойынша методикалық көмек көрсету мақсатында лекция-сабақтар өткiзу, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы түсетiн өтiнiштердi рәсiмдеу кезiнде қателiктердiң алдын алу мақсатында ХҚКО қызметкерлерiмен «қолданушылардың сауалдарын толтыру тәртiбi» бойынша сабақ өткiзiлмекшi.

Архив қызмткелерiмен «архив қоймаларынан архивтiк құжаттарды беру тәртiбi» жайлы сабақ өткiзу жоспарға енгiзiлдi.

Бұқаралық-ақпарат құралдары басылымдарына архив құжаттары бойынша Қорғалжын ауданының 1942-1955 жылдарының «Сталин туы» газетiнен, 1976-1980 жылдарының «Шамшырақ нұры» газетiнен мақалалар, «Архив жұмысын дамытудың негiзгi бағыттары жайлы», «Мемлекеттiк архивте кейiнгi жылдардың құжат айналымы» жайлы 4 мақала жариялау жоспарланып отыр.

4 мақала мемлекеттiк қызмет көрсету саласы бойынша дайындалмақшы. Бұл жерде «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызмет стандартымен реттелетiн сұраныстарға аса назар аудару көзделiп отыр.

18 мамыр 2020 жылы «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жаңа жұмыс форматына көштi, азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығынан қызметтi тек қана қағаз тасымалдығышы арқылы даяр құжаттарды алады.

Осыған байланысты электрондық түрде электрондық веб-портал «Электрондық үкiмет» арқылы қызметтерге қол жеткiзудi қамтамасыз ету үшiн және харық арасында түсiнiспеушiлiктi болдырмау мақсатында «Өзiне өзi қызмет көрсету» бұрыштарын ашу қажеттiлiгi пайда болды. Осыған орай «электрондық веб-портал «Электрондық үкiмет» арқылы «Өзiне өзi қызмет көрсету» бұрыштарында жұмыс жасау жайлы мақала жариялау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар «Архив iсiндегi мемлекеттiк қызмет көрсетудiң ережелерi», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi» жайлы мақалалар жарияланбақшы.

Мекемелер мен ұйымдарда Iстер номенклатурасын жетiлдiруде, жеке құрам және тұрақты сақтауға алынатын құжаттарды өңдеуде, ғылыми-анықтамалық жүйесiн дайындауда, құндылығын жоғалтқан құжаттарды жою актiлерiн жасауда үнемi әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсетiлiп отырады.

Архив құжаттары бойынша көлiк, құрылыс, бiлiм, экономика салалары ұйымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында келесi тақырыптар бойынша 4 семинар өткiзiледi:

- Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерiн пайдалану қағидалары бойынша ;

- «Құжаттардың iстер тiзiмдемесiн жасау тәртiбi», «сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актiнi жасау тәртiбi» бойынша;

- «Мекемелерде ведомстволық сақтаудағы құжаттардың құндылығына сараптама жүргiзу тәртiбi» бойынша ;

- «Мемлекеттiк мұрағатқа Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға тапсыру тәртiбi» бойынша;

Мемлекеттiк архив қызметкерлерiмен мемлекеттiк қызмет көрсету бағытында семинар- кеңестер өткiзiлу көзделiп отыр.

-«электрондық веб-портал «Электрондық үкiмет» арқылы «Өзiне өзi қызмет көрсету» бұрыштарында жұмыс жасау жайлы;

-Мемлекеттiк қызметтердi көрсету саласындағы ҚР заңнамасының мәселелерi бойынша;

-«Архивтiк анқтамаларды беру» тәртiбi бойынша;

Семинарлар жоспары Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң эксперттiк комиссиясымен келiсiледi.

Архив сайтында архив қызметi туралы ақпарат, ең қызықты зерттеу мақалалары орналыстырылады. Әр тоқсан сайын архив сайты жаңартылып отырылады.

Көрме, мақала, лекция, басқа да ақпараттық жұмыстардың түрлерiн дайындауда архивтiк құжаттарды жоспарлы әрi тиiмдi пайдалану мақсатында 2020 жылға арналған Ерекше мәндi және естен кетпес уақиғалар күнтiзбесiн дайындау.

4. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн архив iсiнiң мәселелерi бойынша нормативтi-құқықтық актiлердi жан-жақты оқып-үйрену ұйымдастырылады.

Директордың өткiзуiмен болатын жедел кездесулерде архив қызметкерлерiнiң ай сайынғы жұмыс жоспары және жоспар көрсеткiштерiнiң орындалуы туралы есептерi тыңдалады. Атқарылған жұмыстар тұрақты есепке алынады.

Азаматтық қызметте 3 жыл жұмыс атқарғаннан кейiн архив қызметкерлерi аттестациядан өтедi.

Нақты мүмкiндiктерге қарай архив қызметкерлерiнiң және архив iсi ардагерлерiнiң әлеуметтiк қорғау мәселелерiне назар аударылады.

Архивист С. Каримова


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.02.2021 10:01

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»