A- A A+
«Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Қорғалжын аудандық мемлекеттік архивінің 2017 жылға жұмыс жоспары

Бекiтемiн
«Қорғалжын ауданының
мемлекеттiк архивi» КММ
директоры
_____________Н.Сарбалин
17.10.2016

Қорғалжын аудандық мемлекеттiк архивiнiң
2017 жылға жұмыс жоспары

Кiрiспе

Қорғалжын аудандық мемлекеттiк архивiнiң 2017 жылдағы қызметi

«Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңын, ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн орындау бағытында болады.

Архив қызметiн жетiлдiруге және дамытуға, Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге, сақтауға алынған құжаттарға ғылыми-анықтамалық апаратты кұру және жетiлдiру, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрiнiң 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 27 ақпанда № 10345 тiркелгенсақтау мерзiмдерiн көрсете отырып, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар қызметiнде жасалатын үлгiлiк құжаттар тiзбесiне сәйкес құжаттармен жұмыс жасауға ерекше назар аударылады.

1.Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау
және мемлекеттiк есепке алуын қамтамасыз ету

Архивте сақталған құжаттарды пайдалану және сақталуын қамтамасыз ету

саласында,Ұлттық архив қоры құжаттарының құндылығын сараптау, қауiпсiздiк шаралары, өрт қауiпсiздiгi, тиiстi санитарлық-гигиеналық және архив қоймаларында температуралық-ылғалдылық режимiн сақтау, үнемi құрал-жабдықтар көрсеткiшiн бақылау бағытында жұмыстар атқарылады.

Архивтi техникалық жабдықтандыру және материалды–техникалық базасын нығайту бойынша жұмыс жалғастырылады.

Архивтiк құжаттардың табиғи жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар атқарылады: қағаз негiзiндегi 280 сақт.бiрл. құжаттары, оның iшiнде 300 парақ қалпына келтiрiледi, қорлар тiзiмi қосымшада (қосымша №1), 4 қордың есептiк құжаттар жинағын салыстыру, 5 сақтау бiрлiгiнiң өшiп бара жатқан мәтiнiн қалпына келтiру, қ. №5 Арықты совхозы, қ.№7 Кургальджинский совхозы, қ.№43 Балғабаев және К 10 парағы.

630 iстi картондау көзделiп отыр, қ.№ 54 Қорғалжын аудандық қаржы бөлiмi, қ. № 55 Теңiз ауданының Талдысай ауылдық Кеңесi, қ. № 56 Қорғалжын аудандық Халық соты, қ.№ 57 Қорғалжын аудандық халық коммиссариаты дайындамалар уәкiлi және басқалары.

Жеке құрам және басқарушылық құжаттамалары бойынша 5252 iстiң бар-жоғы және жағдайына тексерiс жүргiзiледi. Қорлар тiзiмi қосымшада (№2 қосымша)

Жыл бойы мекемелерден, ұйымдар мен кәсiпорындардан мемлекеттiк сақтауға құжаттар қабылданады.

«Архивтiк қор» бағдарламасына 5 (бес) қор (№№140 — 144) қосылады.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының қалыптастырылуы.
Ведомстволық архивтерге және мекемелер,
ұйымдар мен кәсiпорындардағы iс жүргiзудегi құжаттарды
ұйымдастыруға ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылық.

Осы саладаҚазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын сапалы қалыптастыруға, мемлекеттiк сақтауға алынатын құжаттардың сапалы iрiктелiнуiне ерекше назар аударылады.

650 басқарушылық құжаттамаларын қабылдау жоспарланып отыр.

Мемлекеттiк сақтауға мекемелер мен ұйымдардың ведомстволық сақтау мерзiмi өткен құжаттары қабылданатын болады және ведомстволық сақтау мерзiмi өткен құжаттары бар мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындарға хаттар жiберiледi. (қосымша №3).

Көлiк, құрылыс, бiлiм, экономика салалары ұйымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында келесi тақырыптар бойынша 2 семинар өткiзiледi:

1.«Мемлекеттiк мұрағатқа Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға беру тәртiбi»;

2.«Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда жасалатын үлгiлiк құжаттары, 2014 жылы және 2015 жылғы тiзбесi, мемл. тiлде.

Семинарлар жоспары Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң эксперттiк комиссиясымен келiсiледi.

Iстер номенклатурасын жетiлдiруде, жеке құрам және тұрақты сақтауға алынатын құжаттарды өңдеуде, ғылыми-анықтамалық жүйесiн дайындауда, құндылығын жоғалтқан құжаттарды жою актiлерiн жасауда үнемi әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсетiлiп отырады.

3.Ақпараттық-iздеу жүйесiн құру,
ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану

Архив және архив көрмесi бойынша экскурсия ұйымдастырып, 1 лекция-сабақ өткiзу жоспарлануда.

Бұқаралық-ақпарат құралдары басылымдары бойынша 3 мақала дайындалады.

Архив сайтында архив қызметi туралы ақпарат, ең қызықты зерттеу мақалалары орналыстырылады.

«Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызмет стандартымен реттелетiн сұраныстарға аса назар аудару. Осы мақсатта халық арасында электронды үкiмет порталы және ХҚКО арқылы архивтiк анықтаманы алу артықшылығын түсiндiру жұмыстарын жүргiзу, БАҚ және мемлекеттiк архив сайтында азаматтарға жеке кеңес беру арқылы архивтiк анықтама алу мүмкiндiгi туралы әлеуеттi алушыларды хабардар ету. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы түсетiн өтiнiштердi рәсiмдеу кезiнде қателiктердiң алдын алу мақсатында ХҚКО қызметкерлерi үшiн 2 семинар-лекция өткiзiледi.

Көрме, мақала, лекция, басқа да ақпараттық жұмыстардың түрлерiн дайындауда архивтiк құжаттарды жоспарлы әрi тиiмдi пайдалану мақсатында 2018 жылға арналған Ерекше мәндi және естен кетпес уақиғалар күнтiзбесiн дайындау.

4. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру.
Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн архив iсiнiң мәселелерi бойынша нормативтi-құқықтық актiлердi жан-жақты оқып-үйрену ұйымдастырылады.

Директордың өткiзуiмен болатын жедел кездесулерде архив қызметкерлерiнiң ай сайынғы жұмыс жоспары және жоспар көрсеткiштерiнiң орындалуы туралы есептерi тыңдалады. Атқарылған жұмыстар тұрақты есепке алынады.

Азаматтық қызметте 3 жыл жұмыс атқарғаннан кейiн архив қызметкерлерi аттестациядан өтедi.

2017 жылдың төртiншi тоқсанында Қорғалжын аудандық мемлекеттiк архивiнiң 2006-2014 жылдарғы жеке құрам және тұрақты сақтауға алынатын құжаттар тiзiмдемесi басқарманың сараптама тексеру әдiстемелiк комиссиясының бекiтуiне ұсынылады.

Нақты мүмкiндiктерге қарай архив қызметкерлерiнiң және архив iсi ардагерлерiнiң әлеуметтiк қорғау мәселелерiне назар аударылады.

Архивист                                                                                                 С. Каримова


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.01.2017 10:35

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»