A- A A+
«Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Мұрағат қызметінің ардагерлері

1990 жылы Қорғалжын шаруашылық есептегi мұрағатына Темирова Шолпан Шамыхановна мұрағатшы болып қабылданды

1996 жылдан бастап аудан Әкiмiнiң 29.02.1996 жылғы № 67 шешiмiмен мемлекеттiк мұрағатының директоры болып тағайындалып, 2010 жылдың 26 қарашасына дейiн қызмет атқарды.

15 жыл бойы Темирова Ш.Ш. Қорғалжын ауданының мемлекеттiк мұрағатының директоры және мұрағатшысы лауазымдарында қызмет атқарып жүрiп, өзiн адал және бiлiктi басшы ретiнде көрсете бiлдi.

Жақсы жұмысы үшiн 2008 жылы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының, "Мұрағат қызметiнiң Ардагерi" құрмет грамотасымен марапатталды 

Мемлекеттiк архивте 24 жылдан артық архив iсiне адал еңбек етiп жүрген қызметкерлер бар, олардың архивті құруға және архивтік құжаттарды жинауға көп еңбегi сiңген:

Кабильдина Сауле Кабикеновна 1997 жылдың қаңтарынан бастап бухгалтер-архивист болып жұмыс атқарып жүр, жоғары санаттағы маман;

 Жакупбекова Гульнар Армиевна 1999 жылдың сәуiрiнен бiрiншi санаттағы архивист болып жұмыс атқарып жүр.

 


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 02.02.2023 14:49

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»