A- A A+
«Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
«Өлке тарихы – ел тарихы» жылжымалы көрмесі ауыл округтерінде

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының екiншi жобасы аясында Қорғалжын аудандық мемлекеттiк архивi қараша айында Қорғалжын ауданының ауылдық округтерiн аралап, ауыл тұрғындарын 1991-шi жылға дейiнгi аудан өңiрi тарихы қамтылған фотокөрмемен таныстырды.

Осы көрмеге Қорғалжын ауданының даму тарихын ашатын фотосуреттер қойылып отыр. Мұнда тiптi, XIX ғасырда түсiрiлген беделдi феодал Аққошқар Сайдалының, ХХ ғасырдың басымен белгiленген белгiлi «Дударай» әнiнiң кейiпкерлерi Дүйсен мен Мәриям Жагорқызы бейнеленген фотосуреттер бар. Архив қызметкерлерi әр фотосуреттiң тарихына тоқталып, тартымды мәлiмет бердi. Көрменi ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары тамашалап, туған жер тарихын тануға қызығушылықтарын бiлдiрдi. Бұл жобаның екiншi кезеңi Тәуелсiздiк жылдарындағы өңiр тарихына арналып, 2019 жылы қолға алынбақ.

   


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 04.12.2018 16:53

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»