A- A A+
«Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Басты

Құрметтi Қазақстандықтар!

Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының Қорғалжын аудандық мемлекеттiк архив сайтына қош келдiңiздер!

Мемлекеттiк архивтiң қызметiне архивтiк құжаттарды тұрақты сақтау, толықтыру, есепке алу және мемлекеттiк қорғауды ұйымдастыру жұмыстарынан басқа, архив құжаттарын қоғам және халық игiлiгi үшiн қолдануды ұйымдастыру қызметi де кiредi.

Бұл сайтты аша отырып, архивтiк ақпараттар мен архивтiк құжаттарға ашық қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етудi жүзеге асыру үшiн, бiз халықты мемлекеттiк архив қызметi және архивтiк қорлар құрамы туралы ақпараттандыру мiндетiн алға қойдық. Мұнда архивтiк анықтаманы алу туралы мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша толық ақпарат алуыңызға болады.

Сайттың «Сұрақ-жауап» электрондық сервис қызметiн пайдалана отырып, Сiз әрқашан өзiңiздi қызықтыратын сұрақтарды қоя аласыз.

Бiз әрқашан Сiздермен бiрлесiп қызмет етуге қуаныштымыз және Сiзден архив сайтының жұмысын жетiлдiру бойынша ұсыныстарыңызды күтемiз.

Құрметпен,
Қорғалжын аудандық мемлекеттiк архив директоры
Сарбалин Нұржан Тлеуберсiнұлы


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 10.01.2018 15:15

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»