A- A A+
«Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Тұңғыш Президент күні

Тұңғыш Президент күнiне орай Қорғалжын мемлекеттiк архивiнде «Елiн сүйген, елi сүйген Елбасы» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеден Елбасы туралы әдебиеттер, дәйек сөздер, Тәуелсiздiк тарихын насихаттайтын кiтаптар орын алды.

Шара барысында архивист Каримова С.С. Елбасымыз жайлы өз баяндамасын оқыды. Баяндамада Елбасының туылғаннан бастап, қазiргi уақытқа дейiнгi еңбек жолы қамтылған және тәуелсiздiк жолында қазақ ұлтының мәртебесiн арттыру жолындағы ерен еңбектерiне кеңiнен тоқталып өтiлдi. Архивист Жакупбекова Г.А. Елбасының қазiргi уақытта халықаралық кеңiстiктегi орны мен жүргiзiп отырған саясаты жайлы сөз қозғады, қатысушылар өздерiнiң пiкiрлерiн ортаға салды.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 23.12.2016 17:18

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»