A- A A+
«Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Қорғалжын аудандық мемлекеттік мұрағаты қызметкерлерімен

Қорғалжын аудандық мемлекеттiк мұрағаты қызметкерлерiмен
1 мамыр халықаралық ынтымақтастық күнiне орай аудан көлемiнде өткен iс шараға қатысуы

«Бiрлiк болмай тiрлiк болмас» деген атам қазақ. Берекенi көздеген ел мерекелi тiрлiк жасаудан жалықпаған. Бүгiн Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бiрлiк күнiн тойлап жатыр. «Береке бастауы бiрлiк, ел iшi тату тiрлiк» қағидасын ұстанған ел үшiн бұл мейрамның орны ерек.

Жыл сайын атаулы мерекеде Қорғалжын өңiрiнде тұрып жатқан 9000-нан астам ұлт пен ұлыс өкiлдерi киелi қара шаңырақта тату-тәттi, береке мен бiрлiкте, бейбiтшiлiк пен ынтымақта өмiр сүрiп жатқандығын тойлайды.

Осы айтулы мерекеде «Достық» атты бiр шаңырақ астына шоғырланған әрбiр ұлт өкiлдерi мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлi көрiнiстер көрсеттi. Халықтың көңiл-күйiн көтеру үшiн түрлi спорттық жарыстар ұйымдастырылып соңы әр ұлт өкiлдерiнiң ұлттық нақышта орындаған концертiне ұласты.

Қорғалжын аудандық мемлекеттiк мұрағатының қызметкерлерi осы 1 май мерекесiнде отбасыларымен қатысып аудан мекемелерiмен бiрге ат салысты.

Мұрағат қызметкерлерiнiң отбасылары балалары би билеп әр ұлт өкiлдерiнiң киiмдерiнде өнер көрсеттi


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 23.08.2016 19:22

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»