A- A A+
«Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Қорғалжын ауданының 90-жылдығы

2018 жылдың 11 тамызында Қорғалжын ауданы 90 –жылдық мерейтойын атап өттi. Той Әдiлхан Шабатов атындағы орталық алаңда «Шеберлер ауылы» көрме жәрмеңкесiмен басталды. Мерекелiк концертке жергiлiктi өнерпаздар ұжымы қатысты.

Облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Асқарбек Үйсiмбаев сөз сөйлеп, мерейлi мерекемен құттықтады. Мереке «Бытығай» этно ауылында жалғасын тапты. Онда киiз үйлер құрылып, келген қонақтарға мерекелiк дастархандар жайылды. Жәрмеңке, күш байқаулар, концерт және театрлық көрсетiлiмдер өткiзiлдi. Сонымен қатар, көкпар, қазақша күрес сияқты спорттық ойындар және басқа да Ұлттық ойындардан жарыстар өткiзiлдi.

Қорғалжын ауданының 90 –жылдық мерейтойына Қорғалжын мемлекеттiк архивiнiң қызметкерлерi де белсендi атсалысты. Архив қызметкерлерi «Шеберлер ауылы» көрме жәрмеңкесiнiң қатысушыларын киiз үйде қарсы алып, күттi.

Мерейлi iс-шара мерекелiк концерт және әдемi, көркем, түрлi-түстi салюттармен аяқталды.

Завершились юбилейные мероприятия праздничным концертом и ярким, красочным салютом.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.08.2018 17:20

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»