A- A A+
«Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Аппараттық оқыту

Қорғалжын аудандық мемлекеттік архивінің бастығы
Н. Т. Сарбалинмен жүргізілген аппараттық оқыту сабағы

27 ақпан 2017 жылы Қорғалжын аудандық мемлекеттiк мұрағатының директоры Н.Сарбалин Қорғалжын ауылдық округiнде өткен аппараттық кенесте Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамы мен мазмұнын оңтайландырудың басты шарты, мемлекет пен қоғамның шынайы және жан-жақты даму тарихын көрсететiн толық дереккөздер негiзiн құру елiмiздегi мемлекеттiк мұрағаттардың жинақтау дереккөздерi болып табылатын ұйымдарды анықтау болып табылатындығын түсiндiре келе , аудан көлемiндегi мемлекеттiк мұрағаттың жинақтау дерек көздерi мен әлеуеттi жинақтау дереккөздерi болып табылатын ұйымдардың тiзiмдерiн таныстырып атап өттi.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарының жинақтау дереккөздерi мен әлеуеттi жинақтау дереккөздерi болып табылатын ұйымдардың тiзiмдерiн анықтау және құрастыру бойыншаәдiстемелiк ұсыныстарды түсiндiрдi.

Сонымен қатар аудан көлемiндегi барлық 39 жинақтау дерек көздерi мен әлеуеттi жинақтау дереккөздерi болып табылатын ұйымдардың әр жыл сайын мемлекеттiк мұрағатқа мекемелерде сақтаулы құжаттар бойынша мәлiмет берiп отырулары керектiгiн көрсетiп мекемелердiң, ұйымдардың төлқұжатын толтырып отырулары жайлы түсiнiктеме бердi.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.03.2017 16:22

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»