Архив тарихы
1989 жылдың қараша айында Қорғалжын аудандық халық депутаттары Советiнiң атқару комитетiнiң шешiмiмен аудан көлемiнде жеке құрам бойынша шаруашылық есебiнде мұрағат құрылып, 1992 жылы мемлекеттiк мұрағат болып қайта құрылды.
Ақырғы нақты атауы –Қорғалжын аудандық мемлекеттiк архиві.
Мемлекеттiк архивт ұйымдардың, мекемелердiң қызметi кезiнде пайда болған тұрақты, уақытша сақталатын, сондай-ақ жеке құрам бойынша құжаттарды және оның iшiнде таратылған, жекешелендiрiлген мекемелер мен ұйымдардың құжаттарын сақтауға алады. Сонымен қатар мекемелер мен ұйымдардың дерек көздерiн құру жинақтауды есепке алып, архив құжаттарын ведомстволық және жеке архивте қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы бойынша әдiстемелiк, iс тәжiрибелiк көмек көрсетедi.
Қорғалжын мемлекеттiк архивінде барлығы 1926 жылдан 2022 жылға дейiнгi құжаттар сақтауда. 2023 жылдың 01 қаңтарына дейiнгi мерзiмде мемлекеттiк архивте барлығы 176 қор бар, 27659 сақтау бiрлiгiмен, оның iшiнде тұрақты сақтаудағы басқарушылық құжаттар саны 17613 бiрлiк болса, 9824 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша.
Жеке тектік құжаттар 114 (бір жүз он төрт) сақтау бірлігі, аудан тарихын көрсететін фотоқұжаттар коллекциясы бойынша 108 (бір жүз сегіз) сақтау бірлігі бар.
Тұрақты сақтаудағы құжаттарда аудандық және халық депуттары Советiнiң барлық халық шаруашылығын өркендету, ауылшарушылық өндiрiсiндегi жетiстiктер, тұрақты комиссия жұмыстары және ауылды дамыту жайлы құжаттар сақталуда.
Аудандық мекемелер мен ұйымдардың қорларында ауылшаруашылық жұмыстары, медицина, бiлiм беру салалары, мәдениеттi дамыту, телекоммуникация салалары бойынша аудан басшыларының өкiмдерi, хабарламалық, талдау құжаттары, есеп берудi жоспарлау, мәжiлiстер мен жиналыстарды бекiту жайлы құжаттар сақталған.
Тұрақты сақтауда тұрған ең үлкен қорлардың бiрi Кеңбидайық ет совхозының және Қорғалжын аудандық арнайы бiрiктiрiлген шаруашылығының құжаттары.
Сонымен қатар аудандық мұрағатта 176 қордың iшiнде жеке құрам бойынша сақтауда мекемелер мен ұйымдардың жеке құрам бойынша бұйрықтары, ай сайынғы еңбек ақы тағайындау жайлы есеп-айырысу ведомостерi, жеке еңбек келiсiм-шарттары, жеке iстерi сақтауда. Жеке құрам бойынша ең үлкен қорлардың бiрi аудандық бiлiм беру басқармасы, Қорғалжын аудандық арнайы бiрiктiрiлген шаруашылығының, Қарашалғын совхозының құжаттары. Арықты ет совхозының құжаттары 1934 жылдан бастап сақталуда.
Осы сақталудағы құжаттар негiзiнде мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты бойынша азаматтарға еңбек өтiлi жайлы, еңбек ақысы жайлы, оқуы бойынша және шарушылық кiтабының есебiмен отбасының құрамы, туған айы, жылы көрсетiлiп архивтік анықтамалар берiледi.
Қорғалжын аудандық мемлекеттiк архиві алғашқы құрылған жылдары аудан орталығында орналасқан амбулаториялық емхананың ғимарат үйiнде орналасқан болатын. Алғашқы басшысы болып Сатанов Қайрат Абылкасымұлы 1989 жылдан 1992 жылға дейiн қызмет атқарды.
Архив қызметкерлерi Надежда Арсентьевна Борщун және Шолпан Әбiкенқызы Жылысова 1992 жылдан 1995 жылға дейiн жұмыс жүргiздi.
1990 жылы Қорғалжын аудандық шаруашылық есебiндегi мұрағатқа мұрағатшы болып Шолпан Шамыханқызы Темiрова қабылданып, Қорғалжын ауданы әкiмiнiң № 67 29.02.1996 жылғы шешiмiмен Қорғалжын аудандық мемлекеттiк мұрағатының директоры болып тағайындалды.
1996 жылдан бастап 2010 жылдың 26 қарашасына дейiн қызмет атқарған 20 жыл аралығында Ш.Ш. Темiрова өзiн жұмысына қабiлеттi, адал және сауатты басшы ретiнде көрсете бiлдi. 2008 жылы Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының «Мұрағат ардагерi» құрмет грамотасымен марапатталды.
2010 жылдың 21 желтоқсанынан Қорғалжын аудандық мемлекеттiк мұрағатының директоры болып Шолпан Қажыбайқызы Қасенова тағайындалып 2011 жылдың желтоқсан айына дейiн қызмет атқарды.
2012 жылдың қаңтар айынан бастап архив директоры болып Нұржан Тлеуберсiнұлы Сарбалин тағайындалды Осы кезге дейiнгi жұмыс атқарған уақытында өзiнiң басқаруымен 41 қор ғылыми-техникалық өңдеуден өткiзiлiп тiзiмдерi жасалды, әр кезде мекемелер мен ұйымдарда, әдiстемелiк және iс тәжiрибелiк көмек көрсетiледi.
Қорғалжын аудандық мелекеттiк архивінде есепшi-архивист Сәуле Қабыкенқызы Кабильдина 25, Гүлнәр Армияқызы Жакупбекова 20 жылдан астам қызмет атқарып келедi.
Тамара Ивановна Габченко 2012 жылдың сәуiр айынан бастап 2015 жылдың қазан айына дейiн архивист болып қызмет атқарып құрметтi зейнеткерлiк демалысқа щықты.
Салтанат Сайлаубекқызы Каримова мемлекеттiк архивте архивист болып 2015 жылдың 05 қаңтарынан, Шувашева Мапруза Буревна 2016 жылдың 05 қаңтарынан, Узденбекова Мәдениет Төлегенқызы 2016 жылдың 03 қазанынан қызмет етедi.