A- A A+
«Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Қорғалжын аудандық мемлекеттік мұрағатының 2016 жылдың 1-ші тамызға дейін атқарған жұмыс қорытындысы бойынша Б А Я Н Д А МА

Қорғалжын аудандық мемлекеттiк мұрағаты Қазақстан Республикасы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» заңының, Қазақстан Республикасы «Мәдениет және спорт министрлiгiнiң» нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң заңдылықтарын орындау барысында жұмыс жүргiзуге бағытталған.

Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру және ұйымдастыруда, мұрағат құжаттарын сақтауды қамтамасыз етуде, сақтаудағы құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппаратты жетiлдiру және құруда, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығы, сақтау мерзiмдерiн көрсете отырып , мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар қызметiнде жасалатын үлгiлiк құжаттар тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығына , жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау ережесiн бекiту туралы № 109 16 қараша 2011 жылғы бұйрығының заңдылығына сәйкес жүргiзу.

2016 жылдың 1 тоқсаны бойынша мемлекеттiк мұрағатта барлығы 137 сақтау қоры бар, мемлекеттiк сақтауда 23093 сақтау бiрлiгi болса 10070 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы басшылық құрам бойынша, 13023 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша. 2015жылы 1 тоқсанда барлығы 133 сақтау қоры, оның iшiнде тұрақты сақтауда 9873, жеке құрам бойынша 13000

сақтау бiрлiгi болған едi.

Мұрағат құжаттарының нақты табиғи жағдайларын жақсартуда 140 сақтау бiрлiгi қалпына келтiрiлiп, 150 парақтың өше бастаған мәтiнi орнына келтiрiлдi, олар № 4 қор бойынша Қарашалғын совхозы, № 5 қор бойынша Арықты совхозы, № 30 қор бойынша Дружба совхозы. № 134 қор бойынша Қорғалжын аудандық статистика басқармасы 2 сақтау бiрлiгi, № 135 қор Тұрғын үй коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi 62 сақтау бiрлiгi, № 53 қор Қорғалжын аудандық прокуратурсы 54 сақтау бiрлiгi, жеке нотариус К.Бакировтың нотариалдық конторы № 136 қор бойынша 171 сақтау бiрлiгi, жеке нотариус Б.Аргимбековтың нотариалдық конторы № 137 қор бойынша 30 сақтау бiрлiгi, № 101 қор Мемлекеттiк нотариалдық конторы бойынша 5 сақтау бiрлiгi, №59 қор бойынша халық депутаттарының Қызылсай ауылдық Кеңесiнiң 17 сақтау бiрлiгi, №117 қор Дружба асықтау сақтау пунктi бойынша 29 сақтау бiрлiгi, барлығы 370 сақтау бiрлiгi картондалып дайындалды.

Мұрағат құжаттарының жағдайын және бар екендiктерiн тексеруде № 1 қор бойынша Амангелдi совхозының 1101 сақтау бiрлiгi, № 2 қор бойынша Коммуна совхозының 378 сақтау бiрлiгi, № 6 қор бойынша Қызылсай совхозының 366 сақтау бiрлiгi, № 7 қор бойынша Қорғалжын совхозының 437 сақтау бiрлiгi, № 8 қор бойынша аудандық оқу бөлiмiнiң 841 сақтау бiрлiгi, Кеңбмдайық совхозының 256 сақтау бiрлiгi, Қорғалжын аудандық ауруханасының 438 сақтау бiрлiгi, аудандық байланыс торабының 309 сақтау бiрлiгi, Дружба совхозының 465 сақтау бiрлiгi, «Танкенов және К» командиттiк серiктестiгi және «Кеңбидайық» ұжымдық меншiк кәсiпорнының 101 сақтау бiрлiгi, Кеңбидайық ауылдық Кеңесiнiң 606 сақтау бiрлiгi, Қарашалғын ауылдық Кеңесiнiң 201 сақтау бiрлiгi, Қорғалжын қаржы бөлiмiнiң 210 сақтау бiрлiгi, барлығы 5712 сақтау бiрлiгi толық тексерiлдi.

Қазiргi кезде мемлекеттiк мұрағатқа қабылданған Қорғалжын аудандық халық депутаттары және олардың орындаушылық комитеттерiнiң 1988-1993 жылдардағы құжаттары ғылыми-техникалық өңдеуден өткiзiлiп тiзiм жасалуда. 2016 жылдың жыл басынан барлығы 300 сақтау бiрлiгi ғылыми-техникалық өндеуден өткiзiлiп дайындалды. 2015 жылы бұл көрсеткiш 250 сақтау бiрлiгiн құраған болатын.

Аудандық әкiмшiлiк аппаратының 1988 жылдан 1993 жылдар аралығындағы құжаттарына ғылыми-техникалық өңдеу жайлы методикалық көмек көрсетiлiп 300 сақтау бiрлiгi қазiргi кезде тiзiм жасауға дайындалуда.

17 номенклатуралық iстер ҚР Мәдениет және спорт Министрлiгiнiң №22 26.01.2015 жылғы бұйрығының заңдылығы бойынша «сақтау мерзiмдерiн көрсете отырып, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар қызметiне жасалатын үлгiлiк құжаттар» тiзбесiне сәйкес келiсiлiп бекiтiлдi.

Сараптамалық әдiстемелiк тексеру комиссиясына тiзiмдеме бекiтуге Тұрғын үй коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнiң, Қорғалжын аудандық статистика басқармасының, Қорғалжын аудандық прокуратурасының тұрақты сақтау iстерi жiберiлдi. Құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеуде Кеңбидайық, Сабынды, Коммуна ауылдық Кеңесiнiң әкiмi аппараттарына көмек көрсетiлдi.

Бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты бойынша мұрағаттық анықтама беру жайлы мақала жолданып жарыққа шықты.

Қорғалжын аудандық мемлекеттiк мұрағатының қызметкерлерi азаматтардың өтiнiштерiн қабылдауда қателiктер жiбермеу мақсатында халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерiмен ҚР Мәдениет және спорт Министрлiгiнiң №138 17.04.2015 жылғы бұйрығындағы өзгерiстер мен түзетулер енгiзiлген «мұрағаттарда мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты» негiзiнде семинар-сабақ өткiзiлдi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты бойынша халыққа қызмет көрсету орталығымен мұрағаттық анықтама беруде тығыз байланыста жұмыс жүргiзiлiп 105 мұрағат анықтамалары жолданды. Электрондық үкiмет порталы арқылы келiп түскен әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұранымдарға 50, пошта арқылы 41 және тақырыптық сұранымдарға 2, олардың iшiнде шет мемлекеттерге 23 мұрағаттық анықтама берiлдi.

 

Мұрағат директоры :                                                                                                                                                              Н.Сарбалин


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 23.08.2016 17:17

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»