A- A A+
«Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Аппараттық сабақ: «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалану қағидалары»

27 ақпан 2017 жылы Қорғалжын ауданының мемлекеттiк архивiнiң архивистi С.Каримовамен архив қызметкерлерi арасында ҚР Мәдениет және спорт Министрлiгiнiң № 146 22 желтоқсан 2014 жылғы «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалану қағидалары» тақырыбында аппараттық сабақ өткiзiлдi.

Сабақ өткiзу барысында құжаттарды сақтауға қабылдаудың тәртiбi, құжаттардың құндылығына сараптама жүргiзу және нәтижелерiн рәсiмдеу тәртiбi, құжаттарға iстер тiзiмдемесiн жасау тәртiбi, тұрақты және уақытша сақтаудағы құжаттарды бөлу, сақтау мерзiмдерi өткен құжаттарды жоюға бөлу тәртiптерi бойынша жайлы түсiнiктеме жұмыстары жүргiзiлдi.

Әсiресе құжаттарды қалыптастыру және рәсiмдеу жайлы жұмыстарға көп көңiл бөлiнiп архивистермен талданды.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.12.2017 09:16

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»