A- A A+
«Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 71 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараларға қатысу

Осы жылдың 7 мамыр күнi Ақмола облысы Қорғалжын ауданы көлемiнде Отан қорғаушылар күнiне арналған салтанатты жиналыс өткiзiлдi.

Аталған iс-шарада аудан әкiмi Қ Рыскелинов сөз сөйлеп мерейлi мерекемен құттықтап, барлықтарына татулық, зор денсаулық, отбасыларына береке тiледi. . Сондай ақ Қорғалжын аудандық мелекетiк мұрағатының директоры Н.Сарбалин басқа да мекеме басшыларымен бiрге құттықтау сөзге қосылып, барлық аудан тұрғындарын және әрiптестердi айтулы мерекемен құттықтады. Өз сөзiнде бейбiтшiлiк және татулық әрқашан Қазақстанның ырысы мен гүлдеуiнiң негiзi болып табылатынын атап өттi.

9 мамыр Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 71 жыл толу мерекесiнде Қорғалжын ауданының Ұлы Отан соғысы жылдары қаза болғандарға арналған монумент жанында митинг өткiзiлiп, арнайы гүл шоқтары қойылды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлерi, тыл ардагерлерi, ауған соғысының ардагерлерiне әр мекеме басшылары құттықтау сөз сөйлеп , сыйлықтар табыстады.

Қорғалжын аудандық мемлекеттiк мұрағатының қызметкерлерi де қатысып мұрағат директоры Н.Сарбалин тыл ардагерi А.Рахманкуловқа сыйлық табыстады.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 23.08.2016 18:47

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»