A- A A+
«Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Қорғалжын аудандық мемлекеттік архивінің 2018 жылға жұмыс жоспары

Бекiтемiн
«Қорғалжын ауданының
мемлекеттiк архивi» КММ
директоры
_____________Н. Сарбалин
09.11.2017

Қорғалжын аудандық мемлекеттiк архивiнiң
2018 жылға жұмыс жоспары

Кiрiспе

Қорғалжын аудандық мемлекеттiк архивiнiң 2018 жылдағы қызметi «Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңын, ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн орындау бағытында болады.

Архив қызметiн жетiлдiруге және дамытуға, Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге, сақтауға алынған құжаттарға ғылыми-анықтамалық апаратты кұру және жетiлдiру, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрiнiң 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 27 ақпанда № 10345 тiркелгенсақтау мерзiмдерiн көрсете отырып, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар қызметiнде жасалатын үлгiлiк құжаттар тiзбесiне сәйкес құжаттармен жұмыс жасауға ерекше назар аударылады.

1.Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау және мемлекеттiк есепке алуын қамтамасыз ету

Архивте сақталған құжаттарды пайдалану және сақталуын қамтамасыз ету

саласында,Ұлттық архив қоры құжаттарының құндылығын сараптау, қауiпсiздiк шаралары, өрт қауiпсiздiгi, тиiстi санитарлық-гигиеналық және архив қоймаларында температуралық-ылғалдылық режимiн сақтау, үнемi құрал-жабдықтар көрсеткiшiн бақылау бағытында жұмыстар атқарылады.

Архивтi техникалық жабдықтандыру және материалды–техникалық базасын нығайту бойынша жұмыс жалғастырылады.

Архивтiк құжаттардың табиғи жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар атқарылады: қағаз негiзiндегi 240 сақт.бiрл. құжаттары, оның iшiнде 200 парақ қалпына келтiрiледi, қорлар тiзiмi қосымшада (қосымша №1), 4 қордың есептiк құжаттар жинағын салыстыру, 4 сақтау бiрлiгiнiң өшiп бара жатқан 8 парағының мәтiнiн қалпына келтiру.

2000 iстi картондау көзделiп отыр, қор№ 139 Халық депутаттарының Қорғалжын аудандық Советi, қор№140 Қорғалжын ауданының әкiмшiлiгi, қор № 141 Кенбидайық ауылдық округiнiң әкiмiнiң аппараты, қор № 142 Қорғалжын ауданы мәдениет бөлiмiне қарасты орталықтандырылған кiтапханасы, қор №143 Қорғалжын. Ауданының мемлекеттiк табиғат қорығы, қор №144 Қорғалжын ауданының мәдениет үйi, қор №145 Қорғалжын ауданының әдiлет басқармасы.

Жеке құрам және басқарушылық құжаттамалары бойынша 2207 iстiң бар-жоғы және жағдайына тексерiс жүргiзiледi. Қорлар тiзiмi қосымшада (№2 қосымша).

Жыл бойы мекемелерден, ұйымдар мен кәсiпорындардан мемлекеттiк сақтауға құжаттар қабылданады.

«Архивтiк қор» бағдарламасына 9 (тоғыз) қор (№146 –№155) қосылады.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының қалыптастырылуы. Ведомстволық архивтерге және мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындардағы iс жүргiзудегi құжаттарды ұйымдастыруға ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылық.

Осы салада Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын сапалы қалыптастыруға, мемлекеттiк сақтауға алынатын құжаттардың сапалы iрiктелiнуiне ерекше назар аударылады. 600 басқарушылық құжаттамаларын және 100 жеке құрам бойынша құжаттамалар қабылдау жоспарланып отыр.

Мемлекеттiк сақтауға мекемелер мен ұйымдардың ведомстволық сақтау мерзiмi өткен құжаттары қабылданатын болады және ведомстволық сақтау мерзiмi өткен құжаттары бар мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындарға хаттар жiберiледi. (қосымша №3).

Көлiк, құрылыс, бiлiм, экономика салалары ұйымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында келесi тақырыптар бойынша 4 семинар өткiзiледi:

1.«Мемлекеттiк мұрағатқа Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға тапсыру тәртiбi» бойынша;

2.«Мекемелерде ведомстволық сақтаудағы құжаттардың құндылығына сараптама жүргiзу тәртiбi» бойынша ;

3.«Құжаттардың iстер тiзiмдемесiн жасау тәртiбi», «сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актiнi жасау тәртiбi» бойынша;

4.Мұрағатты толықтыру және мұрағатты әлеуеттi толықтыру көздерi болып табылатын мекемелермен, ұйымдарда «Мұрағатты толықтыру және мұрағатты әлеуеттi толықтыру көздерiнiң тiзiмiн құрастыру және жасау тәртiбi» бойынша;

Семинарлар жоспары Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң эксперттiк комиссиясымен келiсiледi.

Мекемелер мен ұйымдарда Iстер номенклатурасын жетiлдiруде, жеке құрам және тұрақты сақтауға алынатын құжаттарды өңдеуде, ғылыми-анықтамалық жүйесiн дайындауда, құндылығын жоғалтқан құжаттарды жою актiлерiн жасауда үнемi әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсетiлiп отырады.

Сонымен қатар ҚР «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты Заңы бойынша, нормативтiк базаның архив саласына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар бойынша 2 семинар өткiзiлу жоспарлануда.

3.Ақпараттық-iздеу жүйесiн құру, ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану

Архив және архив көрмесi бойынша 2 экскурсия ұйымдастырып, 3 лекция-сабақ өткiзу жоспарлануда.

Бұқаралық-ақпарат құралдары басылымдары бойынша 4 мақала архив құжаттыры бойынша, 4 мақала мемлекеттiк қызмет көрсету сасласы бойынша дайындалады.

Архив сайтында архив қызметi туралы ақпарат, ең қызықты зерттеу мақалалары орналыстырылады. Әр тоқсан сайын архив сайты жаңартылып отырылады.

«Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызмет стандартымен реттелетiн сұраныстарға аса назар аудару. Осы мақсатта халық арасында электронды үкiмет порталы және ХҚКО арқылы архивтiк анықтаманы алу артықшылығын түсiндiру жұмыстарын жүргiзу, БАҚ және мемлекеттiк архив сайтында азаматтарға жеке кеңес беру арқылы архивтiк анықтама алу мүмкiндiгi туралы әлеуеттi алушыларды хабардар ету. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы түсетiн өтiнiштердi рәсiмдеу кезiнде қателiктердiң алдын алу мақсатында ХҚКО қызметкерлерi үшiн 2 семинар-лекция өткiзiледi.

Көрме, мақала, лекция, басқа да ақпараттық жұмыстардың түрлерiн дайындауда архивтiк құжаттарды жоспарлы әрi тиiмдi пайдалану мақсатында 2019 жылға арналған Ерекше мәндi және естен кетпес уақиғалар күнтiзбесiн дайындау.

4. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн архив iсiнiң мәселелерi бойынша нормативтi-құқықтық актiлердi жан-жақты оқып-үйрену ұйымдастырылады.

Директордың өткiзуiмен болатын жедел кездесулерде архив қызметкерлерiнiң ай сайынғы жұмыс жоспары және жоспар көрсеткiштерiнiң орындалуы туралы есептерi тыңдалады. Атқарылған жұмыстар тұрақты есепке алынады.

Азаматтық қызметте 3 жыл жұмыс атқарғаннан кейiн архив қызметкерлерi аттестациядан өтедi.

Нақты мүмкiндiктерге қарай архив қызметкерлерiнiң және архив iсi ардагерлерiнiң әлеуметтiк қорғау мәселелерiне назар аударылады.

Архивист                                                                                                                                           С. Каримова


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.01.2018 11:56

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»