Бекiтемiн
«Қорғалжын ауданының
мемлекеттiк архивi» КММ
директоры
___________Н. Сарбалин
25.10.2019
Қорғалжын аудандық мемлекеттiк архивiнiң
2020 жылға жұмыс жоспары
Кiрiспе
Қорғалжын аудандық мемлекеттiк архивiнiң 2020 жылдағы қызметi «Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңын, ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн орындау бағытында болады.
Архив қызметiн жетiлдiруге және дамытуға, Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге, сақтауға алынған құжаттарға ғылыми-анықтамалық апаратты кұру және жетiлдiру, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрiнiң 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен көрсетiлген мемлекеттiк және мелекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрiнiң 2017 жылғы 29 қыркүйектегi № 263 бұйрығымен бекiтiлген сақтау мерзiмдерiн көрсете отырып, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар қызметiнде жасалатын үлгiлiк құжаттар тiзбесiне сәйкес, құжаттармен жұмыс жасауға ерекше назар аударылады.
1.Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау және мемлекеттiк есепке алуын қамтамасыз ету
Архивте сақталған құжаттарды пайдалану және сақталуын қамтамасыз ету
саласында,Ұлттық архив қоры құжаттарының құндылығын сараптау, қауiпсiздiк шаралары, өрт қауiпсiздiгi, тиiстi санитарлық-гигиеналық және архив қоймаларында температуралық-ылғалдылық режимiн сақтау, үнемi құрал-жабдықтар көрсеткiшiн бақылау бағытында жұмыстар атқарылады.
Архивтi техникалық жабдықтандыру және материалды–техникалық базасын нығайту бойынша жұмыс жалғастырылады.
Архивтiк құжаттардың табиғи жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар атқарылады: қағаз негiзiндегi 210 сақт.бiрл. құжаттары, оның iшiнде 240 парақ қалпына келтiрiледi, қорлар тiзiмi қосымшада (қосымша №1), 4 қордың есептiк құжаттар жинағын салыстыру, 12 сақтау бiрлiгiнiң өшiп бара жатқан 12 парағының мәтiнiн қалпына келтiру.
1000 iстi картондау көзделiп отыр, сонымен қатар жеке құрам және басқарушылық құжаттамалары бойынша 2000 сақтау бiрлiктерiнiң бар-жоғы және жағдайына тексерiс жүргiзiледi. Қорлар тiзiмi қосымшада (№2 қосымша).
17 желтоқсан 2017 жылы ҚР Үкiметiмен бекiтiлген № 827 «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Бiрыңғай электрондық құжаттар архивi" ақпараттық жүйесiн енгiзу бағдарламасына № 1 (бiр) қор «Қорғалжын аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ- сi енгiзiледi, 10 сақтау бiрлiгi бойынша 500 парақта құжаттарды цифрлау (сканерлеу) жоспарланып отыр.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының қалыптастырылуы. Ведомстволық архивтерге және мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындардағы iс жүргiзудегi құжаттарды ұйымдастыруға ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылық.
Осы салада Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын сапалы қалыптастыруға, мемлекеттiк сақтауға алынатын құжаттардың сапалы iрiктелiнуiне ерекше назар аударылады.
Жыл бойы мекемелерден, ұйымдар мен кәсiпорындардан мемлекеттiк сақтауға басқару құжаттары бойынша 600 сақтау бiрлiгi және жеке құрам бойынша 100 сақтау бiрлiгi қабылданады. Сонымен қатар мекемелер мен кәсiпорындарда, ауылдық округтерде ведомстволық сақтауда жатқан , мемлекеттiк сақтауға өткiзу мерзiмдерi өтiп кеткен құжаттарды мемлекеттiк сақтауға өткiздiру жұмыстарын жандандыру қолға алынып отыр(№3 қосымша)
Ведомстволық архивтерде ведомстволық сақтауда тұрған басқару құжаттарының 600 сақтау бiрлiгiне, жеке тектiк құжаттардың 20 сақтау бiрлiгiне және фотоқұжаттар жинағының 20 сақтау бiрлiгiнiң құндылығына сараптама жүргiзiледi.
"Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-1 Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2018 жылғы 26 қыркүйектегi № 275 бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк архивтердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу жөнiндегi ақылы қызмет түрлерiн көрсету қағидаларына сәйкес, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақша өз иелiгiнде қалатын мемлекеттiк архивтердiң оларды өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсетуi және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларына сәйкес ведомстволық архивтерде сақтауда жатқан 600 сақтау бiрлiгi басқару құжаттарын және 100 сақтау бiрлiгi жеке құрам құжаттарын ақылы негiзде 500 мың теңге соммасына ғылыми-техникалық өңдеуден өткiзу жоспарланып отыр.
Архивтiк басқару құжаттарынан 4 сақтау бiрлiгiне каталогизация жүргiзу және 4 тақырыптық карточка толтырылып каталогке құю жоспарланып отыр.
3. Құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппарат құру.
Жеке құрам бойынша құжаттардың орналасқан жерi бойынш 1 каталог (анықтама) жасалады.
Архив құжаттары бойынша 2 көрме әзiрлеу және ҚР Конституциясы күнi қарсаңында ҚР Конституциясының 25 жылдығына қарсы 1 көрме әзiрлеу жоспарануда, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлке тарихы- ел тарихы» жобасына сәйкес әзiрленген фотоқұжаттары бойынша , архив құжаттары бойынша 2 рет экскурсия өткiзу жоспарға енгiзiлдi.
Бұқаралық-ақпарат құралдары басылымдары бойынша 4 мақала архив құжаттыры бойынша, 4 мақала мемлекеттiк қызмет көрсету сасласы бойынша дайындалады.
«Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызмет стандартымен реттелетiн сұраныстарға аса назар аудару. Осы мақсатта халық арасында электронды үкiмет порталы және ХҚКО арқылы архивтiк анықтаманы алу артықшылығын түсiндiру жұмыстарын жүргiзу, БАҚ және мемлекеттiк архив сайтында азаматтарға жеке кеңес беру арқылы архивтiк анықтама алу мүмкiндiгi туралы әлеуеттi алушыларды хабардар ету. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы түсетiн өтiнiштердi рәсiмдеу кезiнде қателiктердiң алдын алу мақсатында ХҚКО қызметкерлерi үшiн 4 семинар-лекция өткiзiледi.
Мекемелер мен ұйымдарда Iстер номенклатурасын жетiлдiруде, жеке құрам және тұрақты сақтауға алынатын құжаттарды өңдеуде, ғылыми-анықтамалық жүйесiн дайындауда, құндылығын жоғалтқан құжаттарды жою актiлерiн жасауда үнемi әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсетiлiп отырады.
Архив құжаттары бойынша көлiк, құрылыс, бiлiм, экономика салалары ұйымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында келесi тақырыптар бойынша 4 семинар өткiзiледi:
- Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерiн пайдалану қағидалары бойынша ;
- «Мемлекеттiк мұрағатқа Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға тапсыру тәртiбi» бойынша;
- «Мекемелерде ведомстволық сақтаудағы құжаттардың құндылығына сараптама жүргiзу тәртiбi» бойынша ;
- «Құжаттардың iстер тiзiмдемесiн жасау тәртiбi», «сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актiнi жасау тәртiбi» бойынша;
Семинарлар жоспары Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң эксперттiк комиссиясымен келiсiледi.
Архив сайтында архив қызметi туралы ақпарат, ең қызықты зерттеу мақалалары орналыстырылады. Әр тоқсан сайын архив сайты жаңартылып отырылады.
Көрме, мақала, лекция, басқа да ақпараттық жұмыстардың түрлерiн дайындауда архивтiк құжаттарды жоспарлы әрi тиiмдi пайдалану мақсатында 2020 жылға арналған Ерекше мәндi және естен кетпес уақиғалар күнтiзбесiн дайындау.
4. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.
Қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн архив iсiнiң мәселелерi бойынша нормативтi-құқықтық актiлердi жан-жақты оқып-үйрену ұйымдастырылады.
Директордың өткiзуiмен болатын жедел кездесулерде архив қызметкерлерiнiң ай сайынғы жұмыс жоспары және жоспар көрсеткiштерiнiң орындалуы туралы есептерi тыңдалады. Атқарылған жұмыстар тұрақты есепке алынады.
Азаматтық қызметте 3 жыл жұмыс атқарғаннан кейiн архив қызметкерлерi аттестациядан өтедi.
Нақты мүмкiндiктерге қарай архив қызметкерлерiнiң және архив iсi ардагерлерiнiң әлеуметтiк қорғау мәселелерiне назар аударылады.
Архивист С. Каримова