A- A A+
«Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
«Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» КММ-нің архив қызметкерлерімен Қорғалжын ауданының экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлерімен семинар — сабақ өткізу

Ақмола облысының цифрландыру                     Коммунальное государственное

және архивтер басқармасының                          учреждение «Государственный»                            

«Қорғалжын ауданының мемлекеттік               архив Коргалжынского района»

архиві» коммуналдық мемлекеттік                    Управления цифровизации и

мекемесі                                                                 архивов Акмолинской области 

                      

ХАТТАМА № 4                                                ПРОТОКОЛ № 4  

27.02.2024                                                      27.02.2024

Қорғалжын ауылы                                           село Коргалжын         

 

Төрағалық етті : Н. Т Сарбалин

Хатшысы С. Каримова 

Қатысушылар: Қорғалжын ауданының экономика және қаржы бөлімі қызметкерлері Рысбаева Б.Қ Рыспаева Жанар С. Каримова — архив қызметкері М. Узденбекова 

К Ү Н   Т Ә Р Т І Б І Н Д Е :

1. ҚР Мәдениет және спорт Министрінің 2018 жылғы № 275 бұйрығына сәйкес «Тауарларды (жұмыстарды,көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша иелігінде қалатын мемлекеттік архивтердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі жайлы» 

Тыңдалды: Архив директоры Н. Сарбалин

Мемлекеттік архивтер арқылы қызметтер көрсету туралы шарт жасай отырып

ақылы негізде «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстн Республикасы Заңының 17-бабы 1- тармағымен қарастырылған тиісті тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізеді.

Архивтік құжаттарды ретке келтіру;

жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттама жасау мен

құжаттаманы басқарудың қазіргі заманғы негіздерін оқыту жөніндегі курстар мен семинарлар өткізу;

архив істері мен құжаттарын реставрациялау, консервациялау, түптеу, архивтік қораптарды дайындау;

архивтік құжаттардың сақтандыру көшірмелерін дайындау, мәтінін қалпына келтіру;

архивтік құжаттардың көшірмесін жасау;

осы Заңның 15-1-бабының 1-тармағында көрсетілген архивтік құжаттарды қоспағанда,

жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару;

жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттамалық

көрмелерді ұйымдастыру және өткізу

жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша генеалогиялық және тақырыптық сипаттардағы ақпаратты анықтау;

сақтау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттар тізбесін, істер номенклатураларын әзірлеу;

әдістемелік әдебиетті, архивтік құжаттардың жинақтарын, оқыту және басқа да

жарияланымдарды басып шығару және өткізу;

архивтік құжаттарды депозитарлық сақтау жатады.

Мемлекеттік архивтер көрсетілетін тауарлардың тізбесі мен өткізілетін тауарлардың баға прейскуранты көрсетілетін ақпараты мемлекеттік архивтердің ғимараттарының көрінетін жерінде орналастырылады.

Мемлекеттік архивтер еркін нысандағы жазбаша өтініштің негізінде жеке және заңды тұлғаларға тауарларды өтізеді.

Мемлекеттік архив пен жеке немесе заңды тұлғалар арасындағы тауарларды ақылы негізде өткізу бойынша өзара қатынастар, соның ішінде төлеу нысаны, азаматтық-құқықтық шартпен реттеледі.

Мемлекеттік архивтердің тауарларды өткізуі үшін ақы төлеулері;

Қолма қол емес ақша түрінде бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде қолдана отырып кассалық кіріс ордерлерінің негізінде мемлекеттік архивтің кассасына жүргізіледі.

Сөз сөйледі: Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Рысбаева Бахыт Канжыгалиевна

Сіздердің архив құжаттарына ғылыми техникалық — өңдеу жұмыстарын жүргізуде ақылы

қызмет көрсету жайлы өткізіп отырған сабақтарыңызды түсіндік. Бізде ведомстволдық сақтауда архив құжаттары 2014 жылдан бастап өзімізде сақтаулы, осы құжаттардың барлығын сіздерге тапсыру керек болған жағдайда қалай тапсырамыз? Қалай бағалайсыздар?

Сөз алды: С. Каримова

Мемлекеттік архивтермен ақылы негізде көрсетілетін, іске асырылатын тауарларға (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) арнайы бағалар прейскуранты бизге жолданған болатын. Осы прейскуран бойынша барлық құжаттарды қарап шығып бағалаймыз.

Сөз алды: Аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Ж. Рыспаева

Қазір бізде жыл аяғына дейін бюджетте бөлінген ақша жоқ. Сондықтан алдағы тоқсанда болып жатса қарастырайық.

Сөз алды; Н. Сарбалин Келесі тоқсанның бюджетіне осы кезден бастап ақылы қызмет ақшасын жоспарлай беріңіздер, біз ол кезге дейін сіздердің құжаттарыңзыға ғылыми — техникалық өңдеу жұмыстарына тағы сондай ақылы қызмет түрлеріне прескурант бойынша қанша ақша керектігін дайындай береміз.

Қ А У Л Ы   Е Т Т І : Алдағы уақытта Қорғалжын ауданының экономика және қаржы бөлімінің 2014 жылдан бастап құжаттары номенклатуралық істері бойынша тексеріліп, сақтау мерзімдері өткен, яғни сақтауға жатпайтын құжаттарды мемлекеттік архивке өтізу жұмыстары арқылы қызметтер көрсету туралы шарт жасай отырып «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстн Республикасы Заңының 17-бабы 1- тармағының заңдылығына сәйкес келесі жылға ақылы қызмет арқылы тапсыруға дайындауға әзірленсін.. 

                                        Төрағасы: Н. Сарбалин

                                         Хатшысы С. Каримова

 

Мақаланың шыққан күні: 27.03.2024
Қаралым саны: 100

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»