«Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ |
2018 жылдың қараша айының 23-де электрондық қызметтердiң сапасын арттыру мақсатында аудандық мәдениет үйiнде Мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң сапасын бақылау бөлiмiнiң ұйымдастыруымен мемлекеттiк қызметтер көрсету жәрмеңкесi өттi. Iс-шараға мемлекеттiк қызмет көрсету салаларының танымал өкiлдерi шақырылған. Олардың қатарында жер қатынастары, бiлiм беру, ветеринария, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту, әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi және аудандық архив бар. Мұнда, азаматтар өздерiнiң толғандырған сұрақтарын қойып нақты жауап алды.