«Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ |
Қорғалжын ауданында Наурыз мейрамын мерекелеу 21 наурыз күнi өттi.
Наурыз мейрамын тойлау барысында алтыбақан, киiз үйлер орнатылды, жергiлiктi өнерпаздардың қатысуымен концерт өттi, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Аудан тұрғындары үшiн бауырсақ пен Наурыз көже тегiн таратылды.
Қорғалжын мемлекеттiк архивiнiң қызметкерлерi де осы шараға қатысып, тұрғындарға тегiн бауырсақ таратты.