«Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві» ММ |
2018 жылғы 27 қарашада Қорғалжын мемлекеттiк архивiнде «Тәуелсiздiк елдiң көшбасшысы» тақырыбында Тұңғыш Президент Күнiне арналған дөңгелек үстел өттi.
Аталған iс-шарада Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк жылдарындағы жетiстiгi туралы мәселелер қозғалды. Н.Ә.Назарбаев жаңа заманның мемлекеттiк және саяси қайраткерi, бәсекеге қабiлеттi мемлекеттi құруға бар таланты мен жiгерiн салған ұлт көшбасшысы екенi аталып өттi.